♥ Менің жасым қәзір 24-те. Өзімнің бойым ұзын, түрім келіскен қыздардың бірі едім. 17 жасымда бір жігітпен жүрдім, оның 2 аяғы жоқ еді. Айналамдағы жұрттың бар білетіні мені сөз қылу еді. Себебі ол баланың машинасы, жұмысы, үйі де жоқ еді. Әсел, сенің артыңнан қаншама байдың балалары жүгүруде, ал сен болсаң мынау түгі жоқ бейшара инвалидке жабысып қалдың деушілер де аз емес еді. Мен оны жан таніммен сүйдім. Ол өте жақсы бала болатын. Ол маған күйеуге шығуды ұсынды, әке-шешем қарсы болған соң алып қашты. Көбісі мені сынаумен әлек еді, 17 жасында махаббат буына масайған жас қыз өзі не істегенін білмейді, кейін өкінеді деп сөз етті. Бірақ мен оларға мән бермедім. Басында пәтер жалдап тұрдық. Кейін күйеуім жәйлап-жәйлап бизнеспен айналыса бастады. Мен оған әрдайым қолдау көрсетіп отырдым. Ісіміз оңға басты. Кейін мен егіз ұл балаларды дүниеге әкелдім. Қуанышымызда шек болмады. Кейін үй сатып алдық, артынан машина. Кейін тағы 1 ұл, 1 қызды дүниеге әкелдім. Қәзір құдайға шүкір бәрі жақсы. Мен оны әлі де сүйемін. Ол протезбен жүреді, тіпті машина да айдай алады. Мүмкін көбісі сенбер, бірақ біз осындай жетістіктерге бірге жеттік. Қыздарға айтқым келгені, байлық, ақша деген өмірде мәнгі емес, бірде бар бірде жоқ, ал махаббат ол мәнгіге.♥

Теги других блогов: продвижение SEO Google